Елдің монополияға қарсы агенттігі 2010-2014 жылдарға арналған бәсекелестікті дамыту бағдарламасын жасауда

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы бәскелестікті қорғау агенттігі (БҚА) елдегі бәсекелестікті дамыту бойынша барлық негізгі шаралардың 2010-2014 жылдарға арналған бәскелестікті дамыту бағдарламасын жасауда.

Елдің монополияға қарсы агенттігі 2010-2014 жылдарға арналған бәсекелестікті дамыту бағдарламасын жасауда

Бұл туралы сәуірдің 20-ы күні монополияға қарсы агенттіктің 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысын қорытындылап, тауар нарығындағы бәскелестікті қорғау туралы мәселелер қозғалған БҚА-ның алқа отырысында айтылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз баянында.

Сондай-ақ отырыс барысында, мемлекеттің және заңды тұлғалардың қатысуымен кәсіпкәсіпорындар құру және олардың одан әрі қызметін қарау, сондай-ақ зейнетақы қорлары мен ипотекалық несие қызметіне талдау жасау жөніндегі жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныс жасалатыны атап өтілді.