Елдің оңтүстігінде жексенбі күні аяз болып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық бөлігі антициклонның ықпалында болады, қар жаумайды. Алайда республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, боран болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Елдің оңтүстігінде жексенбі күні аяз болып, жел күшейеді

Синоптикетрдің мәліметтеріне қарағанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 градусқа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау облысында жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күшті аяз болады, кей жерлерде өте күшті аяз болады. Қарағанды, және Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де үскірік аяз болады деген болжам бар.