Елдің оңтүстік-батысында жер сілкінді

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-батысында 6 балдық жер сілкінісінен 60 шақты адам зардап шекті. Бұл туралы BAQ.KZ жазады.

Елдің оңтүстік-батысында жер сілкінді

Жер сілкінісінен 60 шақты адам зардап шекті. Жерорта теңізі жағалауындағы Мұғла провинциясында алғашқы дүмпуден кейін, тағы жеті рет жер тербелген. Оны Мәрмарис пен Анталья тұрғындары да сезді. Халық арасында байбалам басталғанда, бір азамат балконнан секіріп кетіп, ауыр халде госпитальге түсті. Сонымен қатар, дәрігерге қаралғандардың көбі жүрек ауруына шағымданып, психологиялық соққы алғандарын айтады. Сейсмологтардың ескертуіне қарағанда, аймақта зілзаланың тағы да қайталануы ғажап емес.