Елдің оңтүстік шекара аймақтарын нығайтуға қосымша 3 млрд. теңге қаржы бөлінді - ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары

АНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елдің оңтүстік шекара аймақтарын нығайтуға қосымша 3 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Елдің оңтүстік шекара аймақтарын нығайтуға қосымша 3 млрд. теңге қаржы бөлінді - ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары


Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры генерал-майор Болат Қырғызбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қолда бар қаражат пен күштің әлеуеттілігіне қарап, еліміздің шекарасы қажетті деңгейде қорғалған деп толық сеніммен айтуға болады. Оның күшейтілуіне бөлінетін бюджеттік қаражаттар жылдан жылға ұлғайтылып келеді. Үкімет қаулысымен Қазақстанның оңтүстік шекара аймақтарын нығайтуға ел бюджетінен қосымша 3 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат шекара қызметін заманауи, инженерлік техникалармен жабдықтау үшін жұмсалады», деп атап көрсетті Б. Қырғызбаев.