Елдің шығысында күшті жел тұрады және күн райы күрт жылынады
ӨСКЕМЕН. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Таяудағы тәуліктерде Шығыс Қазақстанда күн райы күрт жылынып, қардың шапшаң еруі және желдің күшеюі күтілуде.
Бұл туралы ТЖ қызметі ескерту жасады.
Зырянов, Қатон-Қарағай, Күршім аудандарында күндіз ауа райы +7 градусқа, Үржар, Аягөз және Абай аудандарында - 10 градусқа дейін жылынады.
Жаңбыр түрінде жауын-шашын болуы, оңтүстік-шығыстан күшті жел тұруы, оның жылдамдығы секундына 25-28 метрге дейін күшеюі күтілуде.
Аймақтың таулы аудандарында қар көшкіні ықтималдығы сақталады.