Елдің шығысында жауын жауып, көктайғақ болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 21 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің шығысында жауын жауып, көктайғақ болады - Қазгидромет

Атлантикалық циклон шұңқырының әсерінен және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, елдің шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. ҚР бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, солтүстік-батысында тұман сақталады.