Елдің үш облысында автоқозғалыс жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың үш облысында ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Елдің үш облысында автоқозғалыс жабылды

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, боран, көрінімнің нашарлауы) «Үшарал-Достық» автожолында (83-164-ші шақырымдар) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінімнің нашарлауы) облыстық маңыздағы «Б.Момышұлы-Қошқарата» автожолының учаскесінде (10-67-ші шақырымдар) автокөліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс жабылды.

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Алматы-Екатеринбург» автожолының учаскесінде (641-1007-ші шақырымдар, Қарағанды қаласы-Балқаш қаласы); «Қызылорда-Павлодар» автожолының учаскесінде (752-906-шы шақырымдар, Топар кенті-Атасу кенті) автокөліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс жабылды.