13:18, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Елдің үздік дәрігері анықталады
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлттық медициналық қауымдастық отандық денсаулық сақтау саласына сіңірген зор еңбегі үшін еліміздің үздік дәрігері «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталады.

Жеңімпазды марапаттау рәсімі «Экология. Денсаулық. Оңалту» 3-ші бас ассамблеясының аясында өтеді.
Осы күндері елордадағы Ұлттық кардиохирургиялық орталықта өтіп жатқан шара аясында қауымдастық сонымен қатар еліміздің үздік медициналық мекемесіне «Медициналық көмектің жоғары сапасы үшін» қоғамдық белгісін тапсырады.
Бүгін басталған алқалы жиынға Парламент депутаттары, көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, министрліктер мен ведомстволардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Олар отандық денсаулық сақтау саласының өзекті проблемаларын жан-жақты талқылайды.