Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — 25 сәуір күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Астанада күндіз найзағай болады.

Абай облысында түнде шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Аягөз ауданында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 3°С үсік жүреді.

Атырау облысында түнде батысы мен шығысында найзағай ойнап, батысында түнде және таңертең тұман түседі. 

Алматы облысында күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік және шығысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында күндіз оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысында батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай болып, жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысында таулы аймақтарда тұман түсіп, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда найзағай болып, түнде және таңертең солтүстігі мен таулы аймақтарда тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында солтүстігі, батысы мен орталығында күндіз найзағай болып, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысында солтүстік-батысы мен шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде жел екпіні 15 м/с жетеді.

Қызылорда облысында солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығысында жаңбыр мен қар жауып, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, үсік 3°С жүреді.

Маңғыстау облысында түнде солтүстік-шығысында найзағай ойнап, батысын тұман басады. Солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстік-шығысын тұман басып, шығысында үсік 3°С жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай болады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысында күндіз шығысында найзағай күтіледі.

Соңғы жаңалықтар