Елдің басым бөлігінде үсік жүреді
АСТАНА. KAZINFORM — 28 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланады.
Жетісу облысы
Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23–28 м/с-қа дейін жетеді. 28–30 қыркүйекте облыста, соның ішінде Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысы
Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
Облыста жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана
28 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Елордада жоғары өрт қаупі де сақталады.
Қызылорда облысы
Облыстың орталығы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз орталығында екпінді жел мен шаңды дауыл болжанады. Облыс орталығында солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Облыстың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Батысы, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
Батысында, солтүстігінде, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкент
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Абай облысы
Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Түнде батысы мен орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
Түнде және таңертең облыстың шығысы мен орталығында тұман түседі. Батысы мен оңтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыста жоғары өрт қаупі, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде және таңертең тұман түсіп, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Ұлытау облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, оның ішінде Жезқазғанда да.
Қарағанды облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с болады. Түнде батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Ақмола облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түнде солтүстігі мен шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында да төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстігі мен оңтүстігінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде солтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүреді. Шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түсіп, түнде 1–3 градус үсік жүреді.
Жамбыл облысы
Түнде солтүстік-батысы мен таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста, соның ішінде Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады.