Елдің басым бөлігінде үсік жүріп, жел тұрады

АСТАНА. KAZINFORM — 29 қыркүйекте елдің 16 облысында, сондай-ақ Астана мен Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

пробки, погода, автомобили, автобус, дорога
Фото: Александр Павский / Kazinform

Шығыс Қазақстан облысы. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік болжанады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1–3 градус үсік күтіледі. Өңірде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысы. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде солтүстігінде, батысында және орталығында 3 градусқа дейін үсік болжанады. Семейде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.

Павлодар облысы. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Павлодарда түнде 1–3 градус үсік болжанады. Облыста өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе облысы. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с болады. Түнде солтүстік-шығысында 1 градусқа дейін үсік болжанады. Шығысында өрт қаупі жоғары, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысы. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста өрт қаупі өте жоғары, орталығында жоғары деңгейде сақталады. Қызылордада да өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.

Жамбыл облысы. Таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Таразда да өрт қаупі өте жоғары.

Ұлытау облысы. Облыстың оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Жезқазғанда күндіз жел 15 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Қарағанды облысы. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Қарағандыда күндіз желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді, түнде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болжанады. Өңірде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысы. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман болжанады.

Атырау облысы. Облыста өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде өте жоғары деңгейде сақталады. Атырауда өрт қаупі өте жоғары болады.

Қостанай облысы. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік болжанады. Оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Қостанайда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Жетісу облысы. 29–30 қыркүйекте Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысы. Солтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр және найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Түркістанда күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысы. Күндіз облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде батысында, солтүстігінде және шығысында 3 градусқа дейін үсік болжанады. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Өңірде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысы. Облыстың батысы мен орталығында шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығысында өте жоғары деңгейде сақталады. Ақтауда өрт қаупі жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысы. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік болжанады. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады.

Астана. Күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Түнде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болжанады. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Шымкент. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Бұған дейін қыркүйектің соңында Қазақстанның басым бөлігінде негізінен құрғақ ауа райы сақталатыны хабарланған еді. Алайда 1 қазаннан бастап жағдай өзгеріп, көптеген өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді.