Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 28-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Дождь Алматы Жаңбыр осень күз
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бүгін Қазақстанның басым бөлігін найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, солтүстік батысында қатты нөсер жауын жауады, республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік батыста, солтүстік батыста шаңды дауыл тұрып, елдің солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының солтүстік шығысында, Маңғыстау облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде Атырау облысының солтүстігінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Осыған дейін Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт оқшауланғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар