Елдің бір бөлігінде жауын жауып, басқа өңірлерде күн ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. 

Астана_панорамный вид, погода, ауа райы
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

16 қыркүйектен бастап батыс циклонының әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын және желдің күшеюі болжанады, ал 17 қыркүйекте жекелеген аудандарда нөсер жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Күндіз Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы біртіндеп +20+27 °С-қа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: батыста +19+30 °С-қа, шығыста +18+25 °С-қа, оңтүстік-шығыста +22+28 °С-қа дейін.