Елдің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 13–15 қазанға арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. 

дождь
Фото: Алматы әкімдігі

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады. 

15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:

  • Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;

  • Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;

  • Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;

  • Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;

  • Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.