Елдің бірқатар өңірінде үсік жүріп, қатты жел тұрады
АСТАНА. KAZINFORM — Елдің бүкіл аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер тұман, үсік, найзағай, қатты жел, шаңды дауыл және өрт қаупінің жоғары болатынын ескертеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады: түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Таулы аудандарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында 27–29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстігі мен орталығында күндіз солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Облыста төтенше өрт қаупі сақталады, орталығында өрт қаупі жоғары болады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Өрт қаупі жоғары болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетеді. Түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың батысында, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Жетісу облысының шығысында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз батысында, шығысында және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде шығысында 1 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда өрт қаупі жоғары болады.
Атырау облысында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі болады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістанда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетеді. Түнде солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын жел түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде батысы мен орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде өрт қаупі жоғары болады.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыста өрт қаупі жоғары, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде және таңертең тұман түсіп, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.