Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

а
Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақтың ½ финалында Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен кездесті.

Белдесуде отандасымыз «вазари» ұпайымен жеңіске жетті.

Елдос Сметовтың финалдағы қарсыласы жапониялық Хаято Кондо болмақ.

Бұған дейін Анастасия Ананьева Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.