Елдос Сметов бастаған 16 дзюдошы Париждегі Grand Slam жарысында бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдос Сметов бастаған 16 дзюдошы Париждегі Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, аталмыш әлемдік дода 8-9 ақпан күндері өтеді.

Париж татамиіне 122 елден 788 дзюдошы келеді деп жоспарланған.

Қазақ елінің намысын мына дзюдошылар қорғайды.

Ерлер:

Елдос Сметов (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

Елдос Жұмақанов (66 кг)

Ерлан Серікжанов (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (73 кг)

Дидар Хамза (81 кг)

Ислам Бозбаев (90 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

Ақмарал Науатбек (48 кг)

Анна Казюлина (52 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1 мың ұпай, екінші орын иегеріне – 700, қола жүлдегерге 500 ұпайдан беріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ерлан Серікжановтың әлемдік рейтингте үздік ондыққа енгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар