Елдос Сметов бастаған дзюдошылар Париждегі Grand Slam турнирінде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – 2-4 ақпан күндері Франция астанасы Парижде әлемдік Grand Slam турнирі өтеді.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған бәсекеге 110 елден 661 спортшы қатысады деп жоспарланған.
JudoParis жарысында ел намысын Қазақстан ерлер құрамасы қорғайды.
Парижде 14 спортшы бақ сынамақ:
Елдос Сметов (-60 кг),
Нұрқанат Серікбаев (-60 кг),
Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг),
Есет Қуанов (-66 кг),
Асқар Нарқұлов (-73 кг),
Данияр Шамшаев (-73 кг),
Абылайхан Жұбаназар (-81 кг),
Руслан Мұсаев (-81 кг),
Айдар Арапов (-90 кг),
Ермахан Әнуарбеков (-90 кг),
Нұрлыхан Шархан (-100 кг),
Бекзат Шағатаев (-100 кг),
Ғалымжан Қырықбай (+100 кг),
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).
Бұл айтулы додаға Қазақстан әйелдер құрамасы қатыспайды.
Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша Grand Slam турнирінің чемпиондары – 1000, күміс жүлдегерлер – 700, үздік үштікке іліккендер 500 рейтингілік ұпайға ие болады.