Елдос Сметов екінші айналымда кіммен белдеседі

ПАРИЖ. KAZINFORM – Бүгін Елдос Сметов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында алғашқы белдесуінде жеңіске жеткен болатын. Енді ол екінші айналымда Украина өкілі Дилшот Халматовпен кездеседі. 

Елдос Сметов
Фото: Сали Сабиров

Бұл Сметовтың – спорттық карерасындағы үшінші олимпиадасы. Алғаш рет Рио Олимпиадасына қатысып, финалға дейін сүрінбей жеткен болатын. Нәтижесінде ел қоржынына күміс жүлде сыйлаған еді. Ал, Токио төрінде қола медальға қол жеткізгенін білеміз.

Міне, биыл Парижде үшінші Олимпиадасында ел намысын қорғап жатыр. Елдосқа тек Олимпиаданың алтын жүлдесі ғана жетіспей тұр. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сметов Олимпиаданың алғашқы белдесуінде Нидерланд балуаны Торнике Тсакадоеаны жеңгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар