Елдос Сметов Халықаралық Олимпиада комитетінің World of Olympians жобасына қатысты

ПАРИЖ. KAZINFORM – Дзюдодан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов Халықаралық Олимпиада комитетінің World of Olympians жобасына қатысты. 

Smetov
Photo: ҰОК

Жоба барысында қазақстандық спортшы спорттық мансабы туралы айтып, Рио-2016  Олимпиадасының күмісі, Токио-2020 Олимпиадасының қоласы және Париж-2024 Олимпиадасының алтын медаліне дейінгі циклға кеңінен тоқталды. 

Сондай-ақ Сметов сүйікті дзюдогиіне қолтаңба қалдырып, Лозаннадағы Олимпиада мұражайына табыстады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанғанын жазған едік. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтағанын хабарлаған болатынбыз.