Елдос Сметовтің жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

ПАРИЖ. KAZINFORM – Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметовтің жартылай финалдағы қарсылас анықталды. Енді ол келесі белдесуінде испаниялық тәжірибелі татами шебері Франциско Гарригоспен белдеседі. 

Елдос Сметов
Фото: Тұрар Қазанғапов

29 жастағы Франциско Гарригос – 2023 жылғы әлем чемпионы. Ол Париж Олимпиадасында осыған дейін 1/8 финалда бельгиялық Йорри Верстраетенді, 1/4 финалда жапондық Рюдзю Нагаяманы айқын басымдылықпен жеңді. 

Ал, Елдос бірінші белдесуінде нидерландтық Торнике Тсакадоеаны жеңсе, екінші айналымда украиналық Дилшод Халматовты Waza-Ari әдісімен таза жеңіп, ширек финалға шықты. Үшінші рет татамиде әлемдік рейтингіде бірінші тұрған Қытайлық Тайпей өкілі Ванг Вейден Waza-Ari ұпайымен басым түсіп, жартылай финалға сүрінбей жетті. 

Осылайша, Сметов қазақстандық спортшылар арасында Париж Олимпиаданың жартылай финалына шыққан алғашқы спортшы атанды.

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ұқсас жаңалықтар

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды