Электр энергияның бағасы қымбаттай ма – министр жауабы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде электр энергиясы бағасының өсуі мүмкін бе? Аталған сауалға Энергетика министрі Болат Ақшолақов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазір тарифтер мәселесін көтеріп жатқан жоқ. Бұған дейін «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы туралы айтқан болатынмын. Аталған бағдарлама іске қосылған күннің өзінде бір күнде тарифтерге әсер етпейді. Жаңа жылу-жарық электр орталықтарын салу жоспарлануда, олар іске қосылғаннан кейін тарифтерді қайта қарастыруға болады. Бірақ біз бағаны өсіруді жоспарлап жатқан жоқпыз», – деді Болат Ақшолақов эфир барысында.

Айта кетсек, бүгін өткен Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр электр энергиясы тапшылығы мәселесін көтерген еді.

«Электр энергиясы тапшылығын Ресейден өте жоғары баға есебінен жабуға мәжбүрміз. Тапшылық тәулігіне 1200 МВт-қа дейін жетеді. Сарапшылар мұны тұтынудың артуымен, тозуымен және энергетикалық инфрақұрылымның жоғары апаттылығымен байланыстырады. Алайда, министрлік жыл сайынғы энергия теңгерімдерін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ жаңа өнеркәсіптік нысандарды іске қосу жоспарлары туралы біле отырып, неге ешқандай шара қолданбады?», - деп ведомство жұмысын сынады Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар