Электр энериясына ең жоғары тариф Алматыда - М. Оспанов

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов коммуналдық қызметі бойынша ең жоғары еліміздің өңірлерін атап берді.

Электр энериясына ең жоғары тариф Алматыда - М. Оспанов

«Сумен қамтамасыз ету мен кәріз бойынша ең жоғары тарифтер Ақтау халқына тиесілі. Қосымша құн салығынсыз есептегенде бір адамға 166,40 теңгеден келеді. Ақтауда ауызсудың көзі ретінде теңіз суы қарастырылады. Бұл суды өңдеуге кәсіпорын елеулі көлемде шығын жұмсайды», - деп түсіндірді ол.

Оның сөзіне қарағанда, электр энергиясы бойынша қаңтарда ең жоғары баға Алматыда қалыптасып, онда қосымша құн салығынсыз 1 килловатт/сағатқа 13,56 теңгені құрады. Ал электр энергиясына ең төменгі тариф Маңғыстау облысына тиесілі (4,05 теңге).

Сонымен қатар жылумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған М. Оспанов, ең жоғары орташа тариф Алматы халқы үшін болып отырғандығын, яғни бұл қосымша құн салығынсыз 4 249 теңге екенін жеткізді. «Ең төменгі тариф Павлодар облысына тиесілі. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш 1 Гкал/м үшін 1 584 теңге көлемінде»,-деп түйді ол.