Электр қуаты пісте жаңғақтарын пайдаланумен қамтамасыз етілетін қала салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия билігі Сириямен шекарасында екі мың тұрғынға арналған экологиялық таза қала тұрғызуды жоспарлап отыр.
None
None

Ол үшін электр энергиясын пісте жаңғақтарының қабығын жағу арқылы алу жоспарланып отыр. Ал суды жаңбырдан жинау көзделуде.

Қаланы Сирия шекарасынын 50 шақырым қашықтықта Газиантепаға жақын маңда 3200 гектар аумақта салмақ. Газиентепаның энергетика департаментінің басшысы Айзегюль Текеркоглу жаңа жоба Түркиядағы алғашқы экологиялық таза қала жобасы болмақ, деп атап өтті. Онда қала шаруашылығының барлық алдыңғы қатарлы экологиялық тәсілдері қолданылады: үйлердің төбелерінде бақшалар салынып, қоқыстар түріне қарай бөлініп шығарылатын болады, сумен жаңбырдың есебіне қамтамасыз етіледі.

Қатты жел жел энергетикасында қолданылатын болады. Алайда электр энергиясының басым бөлігін тұрғындар Burgea француз фирмасының арнайы технологиясы арқылы алатын болады. Оның мамандары отын ретінде осы өңірде өсетін жаңғақтарды пайдалануды ұсынған, деп хабарлады sciteclibrary.ru.

Соңғы жаңалықтар