09:51, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Электр стансысындағы өрт салдарынан Семей қаласының маңы және бірнеше ауыл жарықсыз қалды
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні кешке Семей аймағындағы электр стансысында трансформатор өртеніп, 30 шаршы метр алаңды жалын шарпыды,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан Приречное, Гранитный, Мұздыбай ауылдары, сондай-ақ Семей қаласының маңы - бір жарым мыңға жуық абоненттер жарықсыз қалды.
Жалын ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 18.19-да ауыздықталды. Қалпына келтіру жұмыстары бүгін қолға алынады.