Электролиз зауыты аумағында Павлодар өңіріндегі ең үлкен аэрография пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ аумағында кәсіпорынның 10 жылдығына арналған «ART-фестивAL» шарасы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 
None
None

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара барысында индустрия тақырыбына арналған 17 туынды мен инсталляциядан тұратын экспозиция және зауыттың өндірістік цехтарының қабырғаларына салынған үлкен көркем туындылар таныстырылды. Авторлар аталмыш шараға бір ай бойы дайындалған. Нәтижесінде павлодарлық үздік аэрографистер командасы кәсіпорынның үш өндірістік цехының қабырғасына көркем композициялар салды. Аэрографияның жалпы көлемі 1 000 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда бұл Павлодардағы ең үлкен аэрография болып табылады. Суретшілер өз туындыларын салуға 150 литр бояу жұмсаған.

"Маған Павлодарда осындай ауқымда жұмыс жасау мүмкіндігі алғаш рет ұсынылды, - дейді аэрографист-суретші Константин Александров. - Суретшілерге өз туындыларын салуға жағдай жасап берді. Мұндай мүмкіндік өте сирек болады. Менің жолым болды. Жас суретшілер инсталляцияларында боксит, әктас, алюминий тотығы, алюминий мен металлургтердің жұмыс құралдарын да пайдаланған. - Біз осы жобаға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Өндірістік жұмыс барысын жан-тәнімізбен сезіну үшін алюминий металын өндіру процесімен бастан-аяқ таныстық. Енді біз осы өндіріс туралы жақсы хабардармыз. Өндіріс мамандары мен суретшілер әртүрлі мамандық иелері болғанына қарамастан, кәсіпорын жұмысын ерекше картина арқылы көрсетуге тырысты", - деді шығармашылық топ жетекшісі, Павлодар көркемсурет колледжінің оқытушысы Ольга Керимова.

ART-туындылар тұсаукесері Қазақстан электролиз зауытындағы қонақтар ең жиі келетін учаскесінде өтті. Кәсіпорын Ертіс, Павлодар өңірінің танымал орны болып табылатындықтан, апта сайын осы алаңға әртүрлі делегация мен мәртебелі меймандар келеді. Енді цехтардың сыртқы келбеті металлургия алабының келбетін одан әрі аша түсті. «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның президенті Роман Романовтың айтуынша, кәсіпорын 10 жылдық мерейтойын түрлі акциялар және әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырумен атап өтуді жөн көрген. 

Соңғы жаңалықтар