Электронды медициналық кітапша қаржыны үнемдейді – министрлік

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдан бастап медициналық кітапшаны электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ербол Оспанов мәлім етті.

Электронды медициналық кітапша қаржыны үнемдейді – министрлік
Фото: freepik.com

«Бүгінде 1,6 млн адамның жұмыс істеуге рұқсат берілген жеке медициналық кітапшасы бар. Оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында — 780 мың, білім беру саласында — 550 мың, денсаулық сақтау саласында — 272 мың және жеке секторда — 52 мыңға жетті. Осылайша әр азамат жеке медициналық кітапшасын бірнеше ұйымда ұсына алады, бұл ақшаны үнемдеуге көмектеседі», - деді Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, электронды медициналық кітапшаның тағы бір артықшылығы қолдан жасауға жол бермейді. Одан әрі Ербол Оспанов дәрі-дәрмек мәселесін көтерді.

«Биыл шілде айынан бері елімізде 68 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланды. Оның ішінде 39,3 млн қаптама импортқа тиесілі және 29,4 млн қаптама отандық өндіріс, жалпы айналымда 28,5 млн препарат бар», - дейді ол.

Еске сала кетсек, жеке медициналық кітапшаны электронды форматқа ауыстыру туралы былтыр айтылған еді. 

Соңғы жаңалықтар