07:45, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Электронды кітаптар үшін Apple компаниясы 400 млн доллар өтемақы төлемек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Манхэттен соты америкалық Apple компаниясын электрондық кітаптарға бағаны көтеру мақсатында баспалармен сөз байласқаны үшін 450 млн. доллар өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлады РБК.

Сот шешіміне сәйкес, енді Apple 400 млн долларды компанияның заңсыз қызметінен зардап шеккен 23 млн. пайдаланушыға, сонымен бірге 50 млн. доллар адвокаттарға төлеуі тиіс.
Apple 2009 жылы АҚШ-тың 5 ірі баспасымен: «Hachette Book Group», «HarperCollins Publishers», «Penguin Group», «Simon&Schuster» және «Macmillan» сөз байласқаны үшін айыпталып отыр. Дау 2012 жылғы сәуірде АҚШ Әділет министрлігінің араласуымен басталған.