Электронды пошта денсаулық үшін қауіпті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лафборо университетінің мамандары жүргізген зерттеу барысында электронды поштаға тәуелді болу күйзеліске түсу қаупін ұлғайтатындығы анықталды.
Электронды поштаны жиі қолдану гипертония, қалқанша безі аурулары мен жүрек талмасы ауруы қалыптасуына әкеледі. Мамандар электронды поштаны қажет болмаған жағдайда тексемеген жөн деген кеңес айтады. Смартфондар мен планшеттер адамдардың үнемі байланыста болуын қамтамасыз етеді. Алайда зерттеуге қатысушылардың көбі үнемі байланыста болса да, күйзелісте жүргені анықталды. Бұл олардың физиологиялық көрсеткіштерін бағалаған соң белгілі болды.
Мамандардың пікірінше, мәселе электронды поштада емес, адамдардың ойы үнемі сонда болып, күйзеліспен күресе алмауында. Ал бұл денсаулық үшін қауіпті. Осы зерттеулерін негізге ала отырып, ғалымдар күйзеліспен күресуді үйрететін оқу-әдістемелік құрал шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.