15:41, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Электронды үкімет порталының жаңа нұсқасы іске қосылды
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Исмағамбетов www.egov.kz - электронды үкімет порталының жаңа нұсқасын таныстырды.

Оның айтуынша, электронды үкімет порталында болған ақпарат пен қызметтер топтастырылып, арнайы рубрикаларға бөлінген. Мәселен, «Отбасы» айдарында заңды некені тіркеу үшін электронды арыз беру, аты-жөнді өзгерткені үшін куәліктің салығын төлеу, баланың туу туралы құжаты мен балабақшаның кезегіне қатысты мәліметті табуға болады. «Порталдың жаңа үлгісінде он-лайн қызметтер бір тізімде берілген. Ал жаңадан ашылған блоктардың бірі - Азаматтар мен үкімет. Аталған бөлімде мемлекеттік орган өкілдерімен электронды түрде ақпарат алмасудың жолдары көрсетілген. Бұл жерде интернет-конференциялар, министрдің қабылдауына жазылу, сондай-ақ бірінші басшылардың блогтарына қатысты ақпарат алуға болады», - дейді Т. Исмағамбетов.