Электронды үкімет және басқа да бірқатар сайттар уақытша жұмыс істемейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет көрсететін біирқатар ақпараттық ресурстар мен сайттар бір тәулікке жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпарат орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электронды үкімет және басқа да бірқатар сайттар уақытша жұмыс істемейді

«14 желтоқсан сағат 21:00-ден бастап 15 желтоқсан сағат 21:00-ге дейін мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты бірқатар интернет-ресурстар жұмыс істемейді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» деп мәлім етті компаниядан.

14-15 желтоқсан күндері жұмыс істемейтін интернет-сайттар:

- «Электрондық үкімет» порталы»;

- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;

- «Мобильді үкімет» қосымшасы;

- TelegramBot - EgoKzBot «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

- «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;

- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі;

- «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;

- Мемлекеттік органдардың сайттары;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты.

Сонымен қатар, 1414 бірыңғай байланыс орталығы да уақытша қоңырау қабылдамайды.