«Электронды үкімет» жас отбасыларына сыйлық жасайды

Акцияға қатысу үшін ерлі-зайыптылар қалалық немесе ұялы телефоннан 1414 нөміріне қоңырау шалуы (қоңырау шалу тегін) және операторға некені тіркеуге берген электронды өтінішінің нөмірін айтуы қажет. Бұдан кейін олар сыйлыққа таласатын жұптардың қатарына автоматты түрде енгізіледі.
Билеттерді ұтып алу ойыны Bnews.kz ақпараттық порталының тікелей эфирінде өтеді. Қонақтардың көзінше қатысып отырған өтініштердің барлық нөмірлері лототронның барабанына салынады, бұдан кейін жеңімпаздар кездейсоқ таңдау тәсілі арқылы белгілі болады. Студияға қатысушылармен бірге белгілі тұлға қонақ ретінде шақырылады, ол марапаттау рәсіміне қатысады.
„Электрондық үкімет„ порталында неке тіркеуге өтініш беру және „eGov.kz жүректерді қосады„ акциясына қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін ерлі-зайыптылардың екеуі де өтініш беру кезінде www.egov.kz порталында тіркелген болуы және олардың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Бұл қызмет „Отбасы қатынастары, азаматтық хал актілерін тіркеу„ санатында қолжетімді. Өтінімді толтыру кезінде болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі қызмет үшін 1 АЕК (2012 жылы ол 1618 теңге құрайды) мемлекеттік бажды төлем карточкасының кемегімен төлейді. Бұл жерде электрондық шақыру алған екінші тарап өзінің келісімін ЭЦҚ-мен бекітіп растауы тиіс. Деректердің шынайылығы тексерілгеннен кейін аталған жұп некені тіркеу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама алады.
Сондай-ақ жас отбасы акцияға қатысу үшін өз келісімін 1414 нөмірі бойынша растауы және байланыс деректерін қалдыруы тиіс. Билеттерді ұту ойыны басталмас бұрын қатысушылардың толық тізімі eGov.kz порталында жарияланатын болады.