Электрондық кітапханадан әрбір студент өз қаласында отырып-ақ ақпарат ала алады - Ж. Түймебаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоғары оқу орындары арасында республикалық электрондық кітапхана және университет порталы еліміздегі ЖОО-лардың электрондық білім беру ресурстарын біріктіру мақсатында құрылған.
«Бүгінгі шара жоғары оқу жүйесіндегі үлкен оқиға деп есептеуге болады, өйткені осы жағдайға қол жеткізу үшін университеттеріміз аянбай жұмыс істеді. Бұл кітапхана арқылы студенттер сандық форматқа көшірілген барлық ақпараттарды өз қаласында отырып ала алады. Бұл қазіргі таңдағы білім саласындағы әрбір азамат үшін жасалып отырған жағдай деп есептеймін. Жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлауда ғылыми зерттеулерді соңғы оқулықтармен жабдықтау университеттеріміздің сапасын арттыру үшін жасалып жатқан жұмыстар», дейді Жансейт Түймебаев.