Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін жасауға жұмсалған қаржы бір жыл ішінде 10 есеге артығымен өтелді

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада Қаржы министрлігінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен электрондық  мемлекеттік сатып алу мәселелеріне байланысты мәжіліс өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында қаржы министрі Болат Жәмішев пен министрлік өкілдері Премьер-Министрді «Электрондық  конкурс» модулі мен электронды мемлекеттік сатып алуға қатысты арнайы веп-порталдың жұмысымен таныстырды. Б.Жәмішевтің сөзіне қарағанда, министрлік «Электрондық  үкімет» жобасы аясында, электрондық   мемлекеттік сатып алу мәселесіне байланысты жүйелі шаралар атқарған. «Қазіргі таңда заң талаптары бойынша мемлекеттік сатып алуларды 5 түрлі әдіс бойынша жүзеге асыруға болады. Солардың бірі электрондық  сауда. Бұл бағытта 2008 жылы баға беру арқылы ұсыныс түсіру әдісі негізінде жүзеге асырылатын «Электрондық  мемлекеттік сатып алулар» модулі дайындалған. 2009 жылы аталмыш жүйе тәжірибе жүзінде іске асыру үшін пайдаланылуға беріліп, оған қатысты мемлекеттік органдардың басшыларымен тиісті меморандумдарға қол қойылды», деді министр.

Оның аталмыш жүйе негізінде атқарылған істердің нәтижелеріне сүйене отырып келтірген мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштер бойынша аталмыш жүйеде 18 мыңнан астам тапсырыс берушілер мен 12 мыңнан астам тауар жеткізушілер тіркелген. Сондай-ақ электрондық  жүйе арқылы 220 мыңнан астам сатып алу шаралары жүзеге асырылып, осы тәсілдің негізінде үнемделген сома 24 пайызды немесе 6 миллиардқа жуық теңгені құраған. Ал осы жүйені жасақтауға жұмсалған қаржы бір жылдың ішінде 10 есеге артық өтелген.  

Отырыста сөз алған Премьер-Министр министрлік өкілдерінің «Электрондық  үкімет» жобасы аясында алдыға қойған міндеттерді сатылап жүзеге асырып келе жатқандығын атап көрсетті. «Бұл шара сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің барынша алдын алуға мүмкіндік беріп, бюджет шығындарын қысқартады. Сондай-ақ ол сатып алу үдерісіне қатысушылардың барлығының әрекеттерінің ашық болуын қамтамасыз етеді. Меніңше, бұл өте маңызды қадам. Сондықтан оны алдағы уақытта да барынша жетілдіре беру қажет», деді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар