12:21, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру - уақыттың еншісінде, соны күту керек - Қ.Есекеев
АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - «Менің беретін негізгі кеңесім - жүйеде жұмыс істеуді жалғастыра беру керек. Олай болмаған жағдайда, істің барысын саралау қиынға соғады», деп атап көрсетті «Қазақтелеком» АҚ-ның басшысы Қуанышбек Есекеев «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» жүйесін дамытуға қажетті журналистердің сауалдарына берген жауабында. «Егер қандай да бір проблемалар туындап жатса, олар техникалық тұрғыдан шешіле алады», - дейді Қ.Есекеев.
Ол сондай-ақ, электрондық түрде салықтық есептемелерді беру жүйесін мысалға келтірді. Бас кезінде бұл жүйеге де қатысты сын-ескертулер айтылды, бірақ кейіннен жұртшылық сабырға келіп, жаңа форматтың басымдығын бағалай алды, дейді Қ.Есекеев.
«Біз электрондық түрде салық есебін беруді үйрендік, ал электрондық мемлекеттік сатып алуға әлі үйрене алмай жатырмыз. Әліптің артын бағу керек», - деді.