11:20, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің арқасында 37 млрд. теңге үнемделді
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алу веб-порталының 2013 жылғы қараша айындағы деректері бойынша мемлекеттік органдардың тәтті тағамдарды (шоколад, зефир, карамель, шығыс тәттілері және т.б.),

сондай-ақ шәйді сатып алуға кеткен сатып алудың көлемі 954 млн. теңгені құрайды.
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің арқасында 2013 жылдың үш тоқсанында шамамен 37 млрд. теңге үнемделді.
Сондай-ақ, бүгінгі күні www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар саны 177 мыңнан асты, деп хабарлады Электрондық коммерция орталығының баспасөз қызметінен.