«Электрондық үкімет» аясында 219 интерактивті және транзакциялық қызметтер ұсынылуда - Көлік және коммуникация министрі

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда «Электрондық үкімет аясында тұрғындарға 219 интерактивті және транзакциялық қызметтер ұсынылуда.

«Электрондық үкімет» аясында 219 интерактивті және транзакциялық қызметтер ұсынылуда - Көлік және коммуникация министрі

БҰҰ есесібне сәйкес Қазақстан «е-қатысу индексі бойынша екінші орында. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев  мәлім етті.

Министрдің айтуынша, ұсынылатын қызметтер қатарында анықтамалар, лицензиялар алу мен айыппұлдар төлеу, мемлекеттік баж салықтарын өтеу қызметтері бар. Сондай-ақ,  қазіргі кезде E-GOB порталы арқылы 12 млн. астам у-анықтамалар беріледі.

«Осы қызметтерді алу үшін 1 млн.-нан астам электрондық цифрлық қолтаңба берілді. Жалпы алғанда «Электрондық үкімет» белсенді түрде ілгері жылжуда. Мәселен, онда тіркелгендердің саны 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге өсті. Порталдың күнделікті пайдаланушылар саны 20 мыңнан асып отыр»,-деді министр.