«Электрондық үкімет» қазақстандық порталының іске қосылғанына 6 жыл толды

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - «Электрондық үкімет» қазақстандық порталының іске қосылғанына бүгін 6 жыл толды.

«Электрондық үкімет» қазақстандық порталының іске қосылғанына 6 жыл толды

«Электрондық үкімет» порталы өзінің жұмысын 2006 жылдың 12 сәуірінен бастады. Оны іске қосқан кезде әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметін қамтитын 337 ақпараттық қызметтер іске асырылған болатын. Бүгінгі күні порталда 2 мыңнан аса ақпараттық, 219 интерактивтік және транзакциялық қызметтер ұсынылады. Оларға 154 мың 120 пайдаланушы тіркеліп, күн сайынғы кірушілер 25 мыңға жуық адамды құрайды. «Электронды үкімет» іске қосылған

6 жылда  11 миллион 200 мыңнан аса электрондық қызметтер көрсетілді. Оның 1 миллион 200 мыңнан астамы биылдың үлесінде.

Соңғы екі жылда «Электрондық үкіметінің» маңызды жетістігінің бірі ағымдағы жылы жарияланған электрондық үкіметті дамыту жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының әлемдік рейтингіндегі көрсеткіші артқан болатын. Осылайша, Қазақстан (2010 жылмен салыстырғанда) рейтингте 8 ұстанымға 46-шы орыннан 38-сатыға жоғарлады. Бұл ретте онлайн-қызметтердің индексі 10 орынға, телекоммуникациялық инфрақұрылым индексі 14 сатыға өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымымен өткізілетін рейтинг өзімен бірге электрондық үкіметті дамыту жөніндегі БҰҰ-на мүше 190 мемлекеттің бағалауынан өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан «Электронды үкіметтің» қатысуының индексі бойынша Сингапурмен қатар 2 орынды иеленді. Аталған индекс үкіметпен азаматтардың онлайн хабарласу мүмкіндіктерімен (блогтар, твиттер, әлеуметтік желілер, Интернет-конференциялар) анықталады. Қазақстандық е-үкімет Орталық Азия өңірінде сөзсіз көшбасшы болып табылады.

Осы ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде жылдың соңында әлеуметтік маңызы бар қызметтердің 60 пайызы электрондық режимде қолжетімді болатындығын атап өтуіміз тиіс. Осы тапсырманы орындау аясында енді тек е-форматтағы  лицензияларды берудің қызметтері іске асырылды. Қазіргі кезеңде «Электрондық үкімет» порталы арқылы 120 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2012 жылдың соңында олардың саны 143-ке дейін өседі.