«Электрондық үкімет» тақырыбына қатысты журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның «электрондық үкімет» қызметін жариялайтын журналистер мен блогерлердің арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды.

 «Электрондық үкімет» тақырыбына қатысты журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Конкурсқа барлығы 30 жұмыс келіп түсті.

Үздік материалдарды анықтаған қазылар алқасының құрамына Көлік және коммуникация министрлігінің, «электрондық үкімет» порталын тікелей әзірлеушілер - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының өкілдері енді, сарапшы ретінде танымал жаңалықтар ресурсының бас редакторы шақырылды.

«Үздік газет материалы» аталымында - Думан Бықай,  «Дала мен Қала»;

«Үздік телевизиялық сюжет» аталымында - Ольга Чапурина, 7 арна;

«Үздік радиоматериал» аталымында - Ләззат Ноғайбай, Қазақ радиосы;

«Үздік желілік материал» аталымында - Жылжымайтын мүлік портал;

«Үздік сетевой блог» аталымында - Күлән Алина;

«Көрермен көзайымы» аталымында (бір БАҚ-тың материалдар сериясы - баспаның, ТВ немесе радионың) - Қазақ радиосы.

Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтар: смартфондар мен нетбуктар алады.

Жуық арада жеңімпаздар салтанатты марапаттауға шақырылатын болады, ал байқаудың барлық қатысушыларына алғыс грамоталары жолданады.