«Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» тақырыбындағы семинарларда 33 мыңнан астам тыңдаушы білім алды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Семинар аясында тыңдаушыларға «egov.kz» порталының бөлімдері мен порталда ұсынылған қызметтер туралы толық ақпарат беріліп, қандай да бір анықтаманы немесе қызметті онлайн режімінде алудың тәртібі түсіндіріледі.
None
None

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, үйретушілер порталда тіркелудің үдерісі мен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу жолдарын үйретеді. Бұдан өзге порталды қолданушылар салық түрлері, мемлекеттік алым және жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеудің жолдарымен және мемлекеттік органдарға электрондық өтінім жолдаудың тәртібімен танысады.

Естеріңізге салып өтейік, осы жылдың маусым айында Қазақстанның барлық облыс және аудан орталықтарында жыл сайынғы оқыту семинарлары өз жұмысын бастады. Тұрғындарға электрондық қызметтерді алуды үйретуге бағытталған семинарлардың бағдарламасы компьютерді пайдалануды енді үйреніп жүрген немесе орта деңгейде пайдалана алатын қолданушыларға есептелген. Және 1 академиялық сағат дәріс оқылса, 2 академиялық сағат бойына тәжірибелік сабақ өтеді. Осыдан соң, тыңдаушыларға семинарға қатысқаны туралы куәлік беріледі.

Тренингтер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Зерде» ҰАКХ» АҚ және жергілікті атқару органдарының қолдауымен өткізуде.

Қараша айының соңына дейін ұйымдастырушылар республиканың 80 елді мекенінде 67 мыңға жуық тыңдаушыны оқытуды жоспарлауда. Бағдарлама аясында компаниялардың ұжымдары үшін арнайы корпоративтік оқытулар да қарастырылған. Азаматтар мен ұжымдардан өтініштер Call-орталығында 1414 нөмірі (стационарлық және мобильдік телефондардан қоңырау соғу тегін) бойынша қабылданады.

Соңғы жаңалықтар