«Электрондық үкіметті» дамытуда техникалық қамтамасыз етуге емес, әкімшілік реформаға баса көңіл бөлу қажет - Е. Дүрмағамбетов

ашаның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Еліміздегі «электрондық үкіметті» дамытуда техникалық қамтамасыз етуге емес, әкімшілік реформаға көбірек көңіл бөлу қажет  болып тұр.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Дүрмағамбетов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы елімізде «электрондық үкіметті» енгізуге қатысты Ақпараттандыру және байланыс агенттігі барлық инфрақұрылымды әзірледі. Яғни, «электрондық үкіметті» Қазақстанда дамыту үшін барлық жағынан қамтылып отыр, техникалар мен әртүрлі электрондық ақпараттық жүйелер толық бар. Бірақ, қазіргі күні нағыз «электрондық үкіметті» дамыту техникамен байланысты емес, бұл - әкімшілік рәсімдерге, мемлекет тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтерге байланысты болып отыр.  Сол себептен де «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген», деді Е. Дүрмағамбетов.

Оның айтуынша, «электрондық үкіметтің» табыстылығы техникалық қамтамасыз ету бөлігінде емес, әкімшілік реформаға қатысты болып табылады. «Әрине, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі басқа мемлекеттік органдарға «электрондық үкімет» аясында қалай жұмыс істеу керек екендігін үйрететін орган емес. Бірақ, бұл жұмыста көптеген түсінбеушіліктер баршылық. Мәселен, қазір интернет арқылы электрондық  лицензиялауды жүргізуге толық техникалық мүмкіндігіміз бар. Бұндай жүйені  үш мемлекеттік органға енгіздік, алтауына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ, осы электронды әдісті енгізу барысында бірқатар проблемаларға тап болдық. Атап айтқанда, шенеуніктерді бұлайша жұмыс істеуге мәжбүрлей алмай отырмыз. Олар да өз кезегінде: «электрондық лицензиялау бойынша интернет арқылы өтініштерді қабылдап, жұмыс істеуге ешқандай нормативтік негіздеме жоқ»   дегенді алдыға тартады. Яғни, дәл қазіргі кезде «электрондық үкіметті» енгізудің техникалық қалыптастыру кезеңінен өттік, ендігі күні әрбір мемлекеттік органды, шенеуніктерді электрондық түрде жұмыс істеуге мәжбүрлеу ғана қалып тұр. Бұны тек заңнама арқылы ғана жүргізе аламыз», деді Е. Дүрмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар