«Электрондық Үкіметтің бастамалары - 2009» байқауының жеңімпаздары анықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік электрондық мемлекеттік орган - 2009» аталымында ҚР Бас прокуратурасы жеңімпаз атанса, «Үздік электрондық әкімдік - 2009» - Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Үздік электрондық қызмет - 2009» - «Эйр Астана» әуе компаниясы, «Үздік қазақ тілді сайт - 2009» бойынша - www.Degeneken. Кz. қазақстандық каталогы жеңіс тұғырынан көрінді.
Сондай-ақ, еліміздегі электрондық Үкімет бастамаларын насихаттаған «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Светлана Антончева және «Хабар» агенттігінің тілшісі Парыз Байтенов үздік журналист деп танылды.
Ал халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент- мүшесі Дмитрий Гусакқа «Электрондық Үкімет бастамаларын іске асырған үздік қоғам қайраткері» дәрежесі берілді.