Электрондық үкіметтің көрсеткен қызметі бір жылда 13 пайызға артты - Алик Шпекбаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылы мемлекеттік қызмет тізімі 5 есеге, 132-ден 723-ке дейін ұлғайтылды. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында көрсетілген электрондық мемлекет қызмет былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48 пайызға артық. Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орынбасары Алик Шпекбаев бүгін Алматыда өткізген ведомствоаралық көшпелі жиында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электрондық үкіметтің көрсеткен қызметі бір жылда 13 пайызға артты - Алик Шпекбаев


Айта кетейік, бүгін Алматы әкімдігінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша водомство аралық көшпелі кеңес өтті. Онда жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет қана емес, табиғи монополия саласындағы ұйымдарға қатысты да өзекті мәселелер талқыланды. Аталған кеңеске дейін Алик Шпекбаев көші-қон, мемлекеттік кірістер, денсаулық сақтау, коммуналдық қызметтер саласындағы бірқатар мекемелердің жұмысын тексерді.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жарияланған 5 инстуционалдық реформаны жүзеге асырудың бір міндеті - халықты ашық, жауапты мемлекеттік қызметпен қамтамасыз ету. Осыған байланысты мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік қызметті тиімді жүргізуге ден қойылған. Бизнес климатты жақсарту үшін мемлекеттік әкімшілік кедергілерді азайту, бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2017 жылы мемлекеттік қызмет тізімі 5 есеге дейін ұлғайтылды, 132-ден 723-ге дейін. 2016 жылы азаматтар үшін құрылған үкімет қызметін бастады. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында көрсетілген электрондық мемлекет қызмет былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48 пайызға артық. 2016 жылы, көпшілігіңіз білетіндей, 35 пайыз электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген болатын. Жарты жылдықтың есебіне қарап, электрондық үкіметтің жұмысы былтырғы жылдың қорытындысымен салыстырғанда 13 пайызға артық екенін байқаймыз», - деді Алик Шпекбаев баяндамасында.
Сонымен қатар ол, БҰҰ-ның электрондық үкімет индексі бойынша 2016 жылы Қазақстан 33-ші орынға көтерілгенін айта кетті.
«БҰҰ электрондық үкімет индексі бойынша 2016 жылы Қазақстан 33-ші орынға, Азия елдері арасында 7-ші орынға шықты. электрондық үкімет саласын дамыта берсек, ахуал түбегейлі жақсарады деп ойлаймын. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда электрондық үкіметтің арқасында тұрмыстық деңгейдегі сыйбайлас жемқорлық азайған. Соның ішінде, ХҚО мен Арнайы ХҚО-лардың қызметі жақсарғанын атап өту керек», деді Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орынбасары Алик Шпекбаев.
Алик Шпекбаев жұмыс барысында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайтынын айтты. Сөз соңында Алик Шпекбаев мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жүйелі жұмыс жасалып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, 2018 жылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету деңгейі 80 пайызға дейін көтерілмек.