10:51, 28 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Елена Коломина Қазақстан Кубогының барлық алтынын еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы маңында шаңғы жарысы бойынша өткен Қазақстан Кубогы мәреге жетті, деп хабарлады Sports.kz.

Әйелдер арасындағы үш бәсекенің бәрінде де Риддер өкілі Елена Коломинаның мерейі үстем болды. Турнирдің соңғы күнінде ол скиатлонда бар мүмкіндігін көрсетті. Бұл сынға 40 шаңғышы қатысып, 38-і жарыс мәресіне жетті. 10 шақырымдық жарыста павлодарлық Ирина Быкова екінші, ШҚО өкілі Ангелина Шурыга үшінші орынға ие болды.
Шаңғы жарысы. FIS. Қазақстан Кубогы. Алматы (Қазақстан),
Әйелдер. Скиатлон (5 км классикалық стильмен + 5 км еркін стильмен).
1. Елена Коломина (Қазақстан) - 31:14.0 2. Ирина Быкова (Қазақстан) - +2.2 3. Ангелина Шурыга (Қазақстан) - +49.2.