Елена Рыбакина әлемдегі үздік теннисші атануға үміткерлер қатарына кірді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі үздік теннисші атануға үміткерлер қатарына кірді, деп хабарлайды Kazinform.

Елена Рибакина
Фото: Kazinform

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) маусым соңында жыл сайын берілетін аталымдарға үміткерлер тізімін жариялады.

Аталымдар бойынша жыл үздіктерін халықаралық теннис БАҚ-тарының өкілдері анықтайды.

Жекелей сында жыл теннисшісі:

Ига Швентек (Польша);

Арина Соболенко (Беларусь);

Кори Гауфф (АҚШ);

Джессика Пегула (АҚШ);

Елена Рыбакина (Қазақстан);

Маркета Вондроушова (Чехия).

Жұптық сында жыл дуэті:

Кори Гауфф/Джессика Пегула (екеуі де – АҚШ);

Сторм Хантер (Аустралия)/Элисе Мертенс (Бельгия);

Барбора Крейчикова/Катержина Синякова (Чехия);

Габриэла Дабровски (Канада)/Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия);

Лаура Зигемунд (Германия)/Вера Звонарева (Ресей).

Сонымен қатар «Жыл серпілісі», «Жыл жаңалығы» аталымдары бойынша да үздіктер анықталатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартқанын жазған болатынбыз.