Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турниріне барды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, WTA рейтингінде бірінші орында тұрған Елена Рыбакина Бейжіңге WTA 1000 санатындағы турниріне барды, деп хабарлайды Sports.kz.
Жарыстың жүлде қоры — 9,4 млн доллар. Турнир жеңімпазы 1,15 млн доллар сыйақы және рейтингке 1000 ұпай алады.
Негізгі кезеңнің жеребесі 28 қыркүйекте тартылады. Рыбакина алғашқы кездесуін 2 қазанға дейін өткізбейді.
Elena Rybakina today at Beijing. Arrived for the next WTA 1009. Draw tomorrow, first match not before friday #WTA 📸China Open /Weibo https://t.co/2UPoCuwJqo
— Sebastien G. (@sebsharfam2) September 27, 2026
Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемдік рейтингте 11-орында тұрған америкалық Аманда Анисимова.
Бұл Рыбакина үшін WTA рейтингінің көшін бастағаннан кейінгі алғашқы турнир болмақ.
Айта кетейік, Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды. Ол финалда Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, 5,5 млн доллар көлемінде жүлде қорының иегері болды. Ол Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ресми түрде көш бастады.
Еске салайық, теннисші US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін рекордтық көлемдегі жүлдеге ие болды. Чемпиондық атақпен қатар, Рыбакинаға 5,5 млн доллар көлеміндегі чек табысталды. Сондай-ақ оған ММА стиліндегі чемпиондық белбеу табысталды.
Елена Рыбакина бұған дейін биыл Билли Джин Кинг кубогі аясындағы матчтарға қатыспайтынын мәлімдеген болатын.