Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елена Рыбакина биылғы маусымда бірегей көрсеткішке қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 турнирлерінде 2026 жылы үздік нәтижесімен көзге түсті.

Елена Рибакина
Фото: ҚТФ

Opta статистикалық порталынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина биылғы маусымда барлық сегіз WTA 1000 жарысында төртінші айналымға шыққан әлемдегі жалғыз теннисші атанды. 
Бұл қазақстандық спортшы Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 додасының 1/16 финалына шыққаннан кейін белгілі болды.

Елена Рыбакина Цинциннатиде әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен ширек финалға шығу үшін таласады. Бұл кездесу 19 тамызға белгіленген. 

Биылғы маусымда Аустралия ашық чемпионатында үздік шыққан Е.Рыбакина жуырда Торонтода (Канада) финалға дейін жеткеннен кейін WTA чемпиондық кестесінде қайтадан көш бастады. 

Бұдан бөлек, қазақстандық теннисші WTA 1000 жарыстарында 24 жеңіске қол жеткізіп, абсолюттік рекорд орнатты. Сонымен қатар Елена хард төсенішіндегі корттарда 28 матчта қарсыластарын ұтып, бұл жөнінен де алдына жан салмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннати турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған едік.