Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 40-орында тұрған 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қос теннисші өткен жылы Франция ашқ чемпионатында кездесіп, онда Е.Рыбакина 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияны қазақстандық спортшы қарқынды бастады — 3:0. Сол басымдылығынан сет біткенше айырылған жоқ — 6:3.
Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді — 6:2.
Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 8 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Л.Носкова 1 эйспен шектелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Елена Рыбакина финалда қос белоруссиялық, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенко немесе рейтингте 23-сатыдағы Виктория Азаренконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Брисбен турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дэвис кубогінде Қазақстанның Аргентинаға қарсы ойнайтын құрамы анықталды.