Елена Рыбакина Дохада, Александр Бублик Роттердам турнирінде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Дохада (Қатар) әйелдер арасында WTA 1000 турнирі басталады. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина Дохада үшінші ракетка болып тіркелген.
Жарысты екінші айналымнан бастайтын Е.Рыбакина әлемнің 46-ракеткасы, франциялық Варвара Грачева немесе рейтингіде 57-орындағы қытайлық Чжу Линьнің қай жеңгенімен кездеседі.
Доха додасы 17 ақпанда мәресіне жетеді.
Қазақстандық теннисші бүгін Әбу-Дабиде әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен финалдық матчын өткізеді.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик 12-18 ақпан аралығында өтетін Роттердам (Нидерланд) ATP 500 жарысында бақ сынайды.
Доданың 8-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик алғашқы айналымда әлемнің 31-ракеткасы, хорватиялық Борна Чоричпен шеберлік байқасады. Жуырда қазақстандық теннисші Б.Чоричті Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалында 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Дабиде чемпиондық атақ үшін таласатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты.