13:00, 07 Қаңтар 2024 | GMT +5
Елена Рыбакина қайтадан әлемнің үшінші ракеткасы болды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде үздік үштікке енеді, деп хабарлайды Kazinform.
Аустралияда Брисбен турнирінің жеңімпазы атанған қазақстандық теннисші 220 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, 500 рейтингілік ұпайға ие болды.
Осылайша барлығы 6811 ұпай жинаған Елена Рыбакина WTA Live рейтингісінде америкалық Кори Гауфты басып озып, 3-орынға көтеріліп тұр.
Аталмыш жарыста 135 мың доллар тауып, 325 ұпайға қол жеткізген финалист Арина Соболенко 2-сатыда қалады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның байырғы қарсыласын жеңіп, Брисбен турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.